KhanMura компаниясы 

2004 жылы Моңғолияның Баян-Өлгей қаласында, жас дизайнерлерден бастау алған.Қазіргі кезде KhanMura сіздерге арнап, Қазақстан мен Қырғызстан елдерінің көне ұлттық қолөнер бұйымдарын, заманауи үрдіске ыңғайластырып, шеберлерге жасату, дәріптеу, саудалау және дамытумен айналысады.

KhanMura компаниясының өнімдері жайлы.

KhanMura - қолөнерге қатысты кез келген өнімдерді сіздерге арнап, ең таңдаулыларын саралап, назарларыңызға ұсынады.Солардың ішінде негізінен табиғи теріден жасалған қолөнер шеберлерінің өнімдеріне көбірек басымдық берілген.Сонымен қатар Орта Азиялық көне біз кесте өнерімен кестеленген бұйымдар, брезенттен,киізден,ағаштан, металдардан және тағы басқа да әр түрлі материалдардан жасалған қолөнер бұйымдарын да қосымша ұсынамыз.